05
September
2025
Қазақстан халқы тілдері күніне орай мерекелік іс-шара
2025 жылдың 5 қыркүйегінде Кеңжыра ом,МДШО КММ Қазақстан халқы тілдері күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында тілдің қоғамдағы рөлі, көптілділіктің маңызы және мемлекеттік тілдің мәртебесі жайлы айтылды. Оқушылар мен ұстаздар мәнерлеп өлең оқып, сахналық қойылымдар қойды, ана тілі туралы әндер шырқалды. Сонымен қатар, қазақ тілін құрметтеу, өзге ұлт өкілдерінің тілді меңгеруі және Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін насихаттау бағытында түрлі викториналар мен танымдық ойындар ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу, көпұлтты Қазақстандағы бірлікті нығайту болды
Шараның мақсаты – оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу, көпұлтты Қазақстандағы бірлікті нығайту болды