08
January
2025
"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы!"
Қазақ халқы мәдениетінің аса маңызды элементтерінің бірі көптеген адамдардың өмірі мен тарихи тәжірибелерімен тиянақталған тарихи мұра іспеттес ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі. Бала тәрбиесінде ұлттық ойындардың алатын орны ерекше. Ол – жас ұрпақты имандылыққа, тапқырлыққа, адамгершілік қағидаларына баулуда баға жетпес құрал. Себебі бала айналасындағы жағдай- лардың бәрін ойын арқылы қабылдайды. Сол арқылы тәрбиеленіп, өнеге үйренеді.Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге,отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал.
8 қаңтар күні мектебімізде оқушылардың қысқы демалысын тиімді пайдалану бойынша жұмыс жоспарына сай іс-шара ұйымдастырылды. Оқушыларымызға ұлттық ойындар түрлерімен таныстырып, оларды қалай ойнау керек екені туралы ақпарат берілді.
Оқушылар «асық ату», «арқан тартыс», «қол күрес», т.б. түрлері өткізілді.