"Дарынды оқушы-2024"
2024 жылдың 29 қазан күні Молықбай Байсақұлы атындағы мәдениет үйінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылында жетістікке жеткен оқушыларды мараттау рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға мектебімізден облыс, республика деңгейінде жүлде алған 6 оқушы қатысып, марапатталды.