Тіл апталығы
Тіл мерекесі 16-20 қыркүйек арасында «Тіл- татулық кепілі» атты апталық өтті. 16-қыркүйек күні апталықтың ашылуынан бастау алған іс-шарада «Ана тілің-асқар шыңың» айдарымен 5-11 сыныптарда қабырға газеттері шығарылып ілінді. Барлық сыныптарда «Тіл-халықтың алтын діңгегі» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, «Маржансөз» пән бірлестігінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жеті ұлттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» тақырыбында «Білгірлер сайысы» өткізілді. Сонымен қатар «Мемлекеттік тіл – ел ырысы» шығармалар байқауы, «Қазыналы байлығым – ана тілім» мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып, 20-қыркүйек мектеп бойынша тіл фестивалі өтті. Фестивалдің мақсаты, тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан 130 – дан аса ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Фестивальдің соңы «Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан -біздің достық үйіміз» - деген қорытынды сөзбен аяқталды.