21
November
2019
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Үркер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер және білім фестивалі республика бойынша әр аймақта өткізілген болатын. Аталған шара Almaty region Ақсу ауданының орталығында өткізіліп, оқушылар жан-жақты дайындықпен қатысқан болатын. А.Құнанбайұлы өзі «Өнерге әркімнің бар таласы» деп айтқандай, сол байқауға мектебіміздің бес оқушысы «Көркем сөз» және «Қолөнер мен бейнелеу өнері» бағыттары бойынша қатысып, бас және алтын жүлдені иеленген болатын. Нәтижесінде осы байқаудың қорытындысы , соңғы нүктесі халықаралақ деңгейде ақынның туған жері Семей қаласында қараша айының 01-03 аралығында өткізілді. Бұл додаға Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен Education Department of Kerbulak district бойынша аталған бес оқушы және қатысушыларды дайындаған жетекші Жанабаева Акмарал Сагындыковна «Үркер» шығармашылық орталығының арнайы шақыртуымен байқауға қатысып, өте жақсы деңгейде өнер көрсетіп, марапатталды. Атап айтар болсақ, төрт оқушы алтын жүлде, бір оқушы күміс жүлдені иеленді. Оқушыларды дайындап, бәйгеге қосқан жетекші А.С.Жанабаеваға «Best жетекші» грамотасы табысталды. Құлагер ақын І.Жансүгіров жерінен барған бұл оқушылардың мерейі үстем болып, Кеңжырадай еліміздің , мектебіміздің атақ-абыройы артты десек артық емес. Сондай-ақ осы қатысушы балалардың ата-аналарына да алғыс білдіріп, көп рахмет айтамыз. Сондықтан, әрқашан осындай талантты оқушыларымыз көп болып, еліміздің тұтқасын ұстар жастарымыз көбейе берсін демекпіз! Бұл жолда ұстаздар қауымына да жұмыстарына жеміс, ізденіс, жетістіктер мен телегей табыстар тілейміз!