27
февраль
2020
Заң маманымен кездесу
Ақсу ауданы Кеңжыра орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында 7-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық білімін арттыру мақсатында мектеп түлегі, заң саласының маманы СЕЙПЕЙОВ АНУАР САЛИМБЕКҰЛЫМЕН "Өз құқығыңды білесің бе?" айдарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Намазшамова жүргізіп, оқушыларға бала құқығына қатысты слайд көрсетіп, ертегілер желісі арқылы құқық бұзушылықтың түрін ажыратып, ойды жалғастыр айдарында оқушылар адамгершілік қасиеттерге байланысты нақыл сөздерді жалғастырды. Кездесу барысында А.Салимбекұлы өз баяндамасын оқып, оқушылар құқықтық сұрақтар бойынша кеңес алды