08
октябрь
2019
«Ұстаздар күніне»
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3-қазанда «Ұстаздар күніне» арналған «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты дөңгелек үстел өтті. Мектеп ұстаздарымен қатар осы мектепте 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеген зейнеткер ұстаздар да қонақ болып, мектебіміздің биылғы оқу жылының түлектеріне ақ жол тілеп, ақ баталарын берді.