Мектеп тарихы » «Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Кеңжыра орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2017

Мектеп тарихы

«Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп тарихы

 

Кеңжыра орта мектебінің тарихы

      1969 жылы Кеңжыра орта мектебі орыс – қазақ аралас мектеп болып құрылды. Қарасу селолық округына қарасты Тарас, Еңбек ауылының және малшылардың балалары тұрып оқитын интернат салынып, пайдалануға берілді. Интернат 1980 жылы жабылып, 1983 жылы соңғы үлгідегі, барлық құралдармен жабдықталған 624 орынды мектеп салынды.

Осы күнгі мектеп ғимараты 1983 жылы пайдалануға берілді.

      2008 жылы Кеңжыра орта мектебінің жанынан шағын орталық ашылып, «Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталады. Қазіргі таңда барлығы 27- мұғалім, 4- тәрбиеші қызмет етеді.

Мектеп директоры – Қуатбекова Салтанат Нұрғұмарқызы.

      Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен келекшек ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Осы тұрғыда мектеп ұжымы талмай еңбек етуде. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты мектебімізде біршама жұмыстар атқарылды. Жыл бойында мектеп ұстаздары аудандық семинарларға қатысып, тәжірибе алмастыруда сабақ берді. «Рухани – адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы» атты аймақтық семинарға мектеп мұғалімдері Л.Рамазанова, А.Қабаева, С.Арғынбаева қатысып сабақ берді. «Өзін – өзі тану» пәні бойынша «Өзін – өзі тану сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты аудандық семинар өткізілді. Семинарда өзін – өзі тану пәнінен Т.Жақаева, А.Барманбекова,Л.Рамазанова, С.Арғынбаева, А.Турганова сабақ берді. «Себілген дән жемісін беру қажет: Дарынды балалармен жұмыс жасау технологиясы» атты семинар өткізіліп мектеп мұғалімдері Турганова А, Оспанова Л, Рамазанова Л, Арғынбаева С, Жақаева Т, М.Саскебаева, Қ. Алаңбаев, А.Жаңабаева сабақ беріп, тәжірибе алмасты. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі С.Арғынбаеваның «Тілім – тағдырым, әдебиет – ғұмырым» атты шығармашылық кеші өтіп, мұғалімнің түлектері, әріптестері мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.

         Ұстаздар арасында өткен байқау, жарыстарға мектеп мұғалімдері белсене қатыса отырып, жүлделі орындардан көрініп жүр.

«Жыл сынып жетекшісі- 2016» А.Жаңабаева ІІІ-дәрежелі дипломмен, «Үздік тарихшы 2016» Т. Қапашев І – орынмен, «Үздік география пәні» мұғалімі олимпиадасынада С.Ш. Молдахметов ІІ – орынмен, «АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушы – 2016» байқауына Т .Қалибаев ІІ орынмен, «Үздік орыс тілі пәнінің мұғалімі» Л.Оспанова жүлделі І орынмен, «Үздік мектеп кітапханашысы » байқауына А. Қабаева қатысып ІІІ орын, Хандықтың 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік ел-тарихтан» атты байқауға Е. Айтқалиұлы қатысып І орын иеленді. «Дарын» ғылыми жоба жарысының ізденіс жұмыстарын нәтижелі жүргізгені үшін тарих секциясы бойынша пән мұғалімі Т.Қапашев Құрмет грамотасымен марапатталды. Аудандық оқушылар арасында «Дарын» ғылыми жоба жарысының ізденіс жұмыстарын нәтижелі жүргізгені үшін биология секциясы бойынша пән мұғалімі Ғ.Мансұрова Құрмет грамотасымен марапатталды.

             Сондай – ақ оқушыларымыз да мектебімізге өз үлестерін қосты. Атап айтсақ: Аудандық «Жарқын болашақ» пән олимпиадасына «Жас ғалымдар» номинациясы бойынша Қуанбек Сарсен ІІІ орын алды, «Тілші әдебиетшілері» номинациясы бойынша Болат Гулзат жүлделі І орынды иеленіп, «Жарқын болашақ» VIII республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысқан Болат Гулзат сертификат алды.

          Аудандық «Мұқағали Мақатаев» оқулары бойынша 10 сынып оқушысы Қуанбек Сарсен жүлделі ІІІ орын иеленді. «Өзін – өзі тану» пәні бойынша оқушылардың олимпиадасында тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсетіп мектептің «Махаббат» тобы жүлделі І орын иеленді. Облыстық ХІІ – ші Дельфийлік ойындарына белсене қатысқаны үшін 9 сынып оқушысы Бейсенбай Медет Алғыс хатқа ие болды. Аудандық М.Шаханов оқуына 8 сынып оқушысы Болат Гүлзат қатысып Бас жүлдені жеңіп алды. Аудандық Абай оқуына 5-сынып оқушысы Қуанбек Маржан және 6-сынып оқушысы Бақытбай Бақжұлдыз қатысып «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді. Аудандық Ілияс оқуына 9 сынып оқушысы Биғали Еркежан қатысып Алғыс хатпен маратталды. Аудандық Қ.Терібаев оқуына 5-сынып оқушысы Дүйсенбек Мадина қатысып «Жетісуға әйгілі Терібаев Қуатпын» Алғыс хаттымен марапатталды. «Менің елім мәңгілік ел» шығарма байқауы (орыс тілі пәні) бойынша 8-сынып Кәрім Нәрім «Үздік ой тұжырымы» номинациясы бойынша Алғыс хат алды. Аудандық «Пушкинские чтения» байқауында мектеп командасы «Пророк»қатысып жүлделі ІІ орын, осы байқауда «Лучшая женская роль» номинациясын 8 сынып оқушысы Болат Гулзат иеленді. Аудандық «Командирлер – 2016» байқауына 10 сынып оқушысы Қуанбек Сарсен қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді. Аудандық «Алау» әскери спорттық ойынына «Пневматикалық мылтық атуда» шеберлік көрсеткен үшін мектеп командасы Алғыс хатпен марапатталды. АӘД сабағы бойынша 5 күндік оқу – жаттығу жиынына қатысқан оқушылар үлкен жетістікпен оралды. Командалық нәтиже бойынша «Айбын патриоттық» командасы жүлделі ІІ орын иеленіп, гранат лақтырудан 10 сынып оқушысы Ахметов Айбар жүлделі І орын, 1000 метрге жүгіруден ІІ орын иеледі. 10 сынып оқушысы Досмұхан Райымбек автомат шашып – жинаудан жүлделі ІІІ орынға иеленді.Жыл бойында мектеп ұстаздары аудандық семинарларға қатысып, тәжірибе алмастыруда сабақ берді.

Мектебімізде аудандық пән олимпиадасы өтіп, 15 оқушы аудандық пән олимпиадаларға жолдама алды. Нәтижесінде 7 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

     Олар: Қазақ тілі пәні бойынша Досмұхан Райымбек 10 сынып II-орын, мұғалімі С.Арғынбаева.Қазақ тілі пәні бойынша Болат Гүлзат 8 сынып II-орын, мұғалімі А.Жаңабаева. География пәні бойынша 10 сынып Сарсенбай Айдана III-орын, мұғалімі Молдахметов С. Қазақстан тарихы пәні бойынша 8 сынып Бақыт Иүсіп III-орын, мұғалімі Қуатбекова С. Физика пәнінен 8 сынып оқушысы Сыдықбекова Данагу II-орын, мұғалімі Саскебаева М. Биология пәнінен 10 сынып оқушысы Бақнұр Ерлан ІII-орын, мұғалімі МансұроваҒ.Математика пәнінен 8 сынып оқушысы Серік Ақжол ІІІ-орын, мұғалімі Алаңбаев Қ.

Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері, Рамазанова Ләйлә, Жақаева Тілеугул, Барманбекова Айнагүл, АӘД пәні мұғалімі Қалибаев Талғат, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ақмарал Жаңабаева, технология пәні мұғалімі Амангелді Дәулетбаев және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Азамат Ибраимовтың сабақтары баспа бетіне шықты.

       Спорт саласы бойынша аудандық оқушылар арасында өткен еркін күрестен жарысқа мектебіміздің оқушылары қатысып 48 рет жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды, жаттықтырушысы Амангелді Бақберген.

Ұрпақты еңбекке баулуда мектебіміз гүлдендіру, көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары бойынша алдыңғы қатардан көрініп жүр. «Келісіп істесе көп іс бітеді» дегендей, ұжымды жұмылдырып, барды ұқсатып, жоқтан бар етіп отырған мекеме басшысы С.Н Қуатбекова еңбегімен мектебімізді алға тартуда.


Похожие публикации:

29 апрель 2017 Мектепке жол
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.