11
April
2022
Кеңжыра орта мектебінде 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау басталады.
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
Кеңжыра орта мектебінде 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау басталады.
Кеңжыра орта мектебі биыл 6 жасқа толатын балаларды қабылдайды.
Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде беріледі.
⠀
Білім беру ұйымының құжаттарды қабылдау кезінде тізбеде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы).
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.