25
сентябрь
2019
1 қыркүйек білім күні
Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен отдела образования Кербулакского районанде 1 – қыркүйек Білім күніне байланысты «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Жиынға Ақсу аудандық тұрғын домкоммуналдық шаруашылығыжәне тұрғын доминспекциясы бөлімінің басшысы Мұсабаланов Ілияс Сәбитұлы және Қарасу ауылдық округінің әкімі Т.Баймәдиұлы қатысып, ұстаздар қауымын және мектеп оқушыларын құттықтап, жаңа оқу жылына толағай табыстар тіледі. Мектеп директоры С.Куатбекова өткен оқу жылындағы мектептің жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, 2018-2019 оқу жылының қорытындысы ЕНТ нәтижесі мен білім гранты бойынша көшбасшы мектептердің қатарында екенін айтты. Жиын соңында ақсақалдар алқасының мүшесі Д.Исаев ақсақал ата-аналар атынан оқушыларға талмай білім беріп келе жатқан ұстаздарға алғыс айтып, жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерге ақ баталарын берді.