Әкелер кеңесі » «Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Кеңжыра орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2020

Әкелер кеңесі

Ақсу ауданы Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 19 ақпанында «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» тақырыбында жалпы әкелермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Әр әкеге арнайы шақыру қағазы таратылғандықтан 80% ер азаматтардың жиналуына септігін тигізді. Күн тәртібінде діни экстремизм мен терроризмнің, құқық бұзушылықтың алдын алу сияқты қоғамдағы ең өткір мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, 1-4 сынып оқушылары «Әкешім – асқар тауым» тақырыбына видеороликтер түсіріп, онда өз әкелеріне деген балалық сезімін жеткізіп, әкесімен мақтан тұтатындығын, әкесіне ешкім жетпейтіндігін айтып, өлеңге қосып, отбасылық фотосуреттерден слайд жасады. Оқушылар «Менің әкем...» тақырыбына суреттер салып, өз туындыларына «Менің әкем-қамқоршым», «Менің әкемдей жан ешбір жерде жоқ», «Мен әкемді жақсы көремін», «Мен бай адаммын, себебі, менің әкем бар» сынды анықтамаларды жазған.
Жиын соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Намазшамова кәмелетке толмаған балалардың қылмысын болдырмау аса маңызды қадам екенін жеткізді. Әке мықты болса, бала түнгі мезгілде көшеде жүрмейді, бала тәрбиесін үнемі назарда ұстаса, балалар арасында келеңсіздік те, қылмыс та болмақ емес. Өкінішке орай, қазіргі таңда ер кісілердің жұмысбасты болуынан балаларға әке тәрбиесі жетпей жатыр. Әкенің мектеппен байланысы сиреді. Сол себепті, мектеп әкелерінің кеңесін құру үшін ашық дауыс беру арқылы 7 адамнан тұратын әкелер кеңесі құрылды. Әкелер кеңесінің төрағасы -Айшынбаев Серғазы, орынбасары-Күнчаев Білісбек, мүшелері- Азатов Бекжігіт, Жаңабаев Алтынбек, Иманбаев Жомарт, Әлғазы Ержан, Алшынбай Батылбек болып бекітілді. Әкелер кеңесінің жалпы ережесі мен мақсат, міндеттері таныстырылып, жалпы әкелер қауымына бала тәрбиесінде жауапкершілік артылды.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
BoecMeart
29 мая 2020 04:50
Тоже вариант! Но я сделал вот так: смотри сюда
Walervef
22 августа 2020 12:16
Нормуль . Впрочем нам больше импонирует идея на сайте. Уверена это лучшая идея