«Ұстаздар күніне»
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3-қазанда «Ұстаздар күніне» арналған «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты дөңгелек үстел өтті. Мектеп ұстаздарымен қатар осы мектепте 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеген зейнеткер ұстаздар да қонақ болып, мектебіміздің