Іс-шаралар » Страница 4 » «Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Кеңжыра орта мектебі" мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жауқазын" жазғы лагерь 2-кезең.
28
июнь
2024
"Жауқазын" жазғы лагерь 2-кезең.
Маусым айының 15-25сі аралығында Кеңжыра орта мектебінде "Жауқазын" жазғы лагерінің 2-ші кезеңі ұйымдастырылды. Жазғы лагерь барысында оқушылар үшін түрлі спорттық эстафеталар өткізілді. Және оқушылар үшін ата-аналарымен бірге бір күндік табиғат аясына жорық ұйымдастырылды. Демалушылар Сарқан ауданында орналасқан "Жоңғар Алатауы мемлекттік ұлттық" паркіне саяхат жасады. 
"Жауқазын" жазғы лагерь 1-кезең.
20
июнь
2024
"Жауқазын" жазғы лагерь 1-кезең.
Ағымдағы жылдың 10-20 маусым күндері аралығында Кеңжыра орта мектебінде "Жауқазын" жазғы лагерінің 1-ші кезеңі ұйымдастырылды. Осы оң күн бойы демалушы бүлдіршіндер денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасады. Ойлау қабілеттерін дамыту үшін мәдени шығармалармен танысты. Және қалаға бір күндік саяхатта болды. Мектеп медбиекесінің ұйымдастыруымен денсаулыққа пайдалы және зяин заттармен танысу мақсатында жиындар өткізілді. Оң күн ішінде оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланды.
1-Маусым. Халықаралық балаларды қорғау күні
31
май
2024
1-Маусым. Халықаралық балаларды қорғау күні
Кеңжыра орта мектебінің ұстаздар демеушілігімен 100 ден аса бүлдіршінге балмұздықтар мен тәтті сусындар таратты. Мектеп ұжымы барлық жеткіншектерді бүгінгі мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Мерекеге ат салысқан мектеп ұжымына және Қарасу ауылдық округі клубына алғыс білдіреміз!               
Стенд
09
октябрь
2023
Стенд
Кеңжыра орта мектебінде есірткіге қарсы іс-шараларды іске асыру шеңберінде бүгінгі ғасырдың дерті болып отырған «НАРКОМАНИЯ» тематикалық стенді әзірленіп ілінді.Стендте Жетісу облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұсынған ескертпелері мен сенім телефондары көрсетілген.
Алғашқы медициналық көмек
07
сентябрь
2023
Алғашқы медициналық көмек
Кеңжыра орта мектебінің мектеп медбикесі Ұ.Жайлаубай жол жарақаттарының алдын алу мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында жолда жүру ережелерін түсіндіріп, жарақат алғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретті.
Бірлестік отырыс
07
сентябрь
2023
Бірлестік отырыс
Кеңжыра орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Намазшамованың ұйымдастыруымен тәрбие бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттерін таныстыру мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы өткізілді.Бірлестік отырысында 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен негізгі бағыттары, сондай-ақ тәрбие процесінің тиімділігін арттыру
Диктант
05
сентябрь
2023
Диктант
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес “Мың бала” мәдени ағартушылық жобасын өткізу аясында қазақтың біртуар тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған “Мағжан Жұмабаев- заманның заңғар тұлғасы” атты жалпықазақстандық ашық диктантқа мектебіміздің 7-11 сынып оқушылары қатысты.
Мектебім-мейірім мекені
01
сентябрь
2023
Мектебім-мейірім мекені
«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны 1-11 сыныптада «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында 2023-2024 оқу жылының алғашқы тәрбие сағатымен жалғасын тапты.
1 қыркүйек
01
сентябрь
2023
1 қыркүйек
Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 – қыркүйек Білім күніне байланысты «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
мектепке жол
02
август
2023
мектепке жол
Кеңжыра ауылының тұрғындары, кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме кызметкерлері!2023 жылы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен, «Жақсылықты жаса!» ұранымен Республикалық «Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан —30 қыркүйекке дейін өтетінін хабарлай келе, ізгі жүректі барлық азаматтарды балаларға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей атсалысуға шақырамыз!